Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Балақай" бөбекжай - балабақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің "Балақай" бөбекжай - балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Балақай" бөбекжай - балабақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің "Балақай" бөбекжай - балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

20 Наурыз - Ұлттық спорт күні

 


 


Бүгін біздің балабақшамызда "Айгөлек" тобында , Әз-Наурыз мерекелік іс-шара өткізілді.
Балаларымыз тақпақтарын айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Бесікке салу салт-дәстүрі көрсетілді.


19 наурыз-Жаңару күні, Наурызнама онкүндігі.
Бұл күні экологиялық акциялар аясында жаппай ағаш отырғызу, қоршаған ортаны тазарту дәстүрі бар.

 


16-Наурыз мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күннің мақсаты қазақ халқының бай мәдениетін, ұлттық салт- дәстүрлерін әдет ғұрыптарын насихаттау және кейінгі ұрпаққа жеткізу.

 


Бүгін - Шаңырақ күні.
Бұл күні отбасы құндылықтары насихатталады. Сондайақ қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбеқорлққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.
Шаңырақтарыңызға бақыт, махаббат пен жылулық тілейміз. Отбасыларыңыз аман, ұрпақтарыңыз өсіп өркендей берсін!

 


"Қайырымдылық жылы жүректен"
"Жақсылық жасап жарысайық"атты қамқорлық акциясы. Бүгін біз Сатынбекова Перизат апайдың уйіне қонаққа барып қуантып қайттық.

 


14-наурыз Көрісу күні құтты болсын!
Бүгін-адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасатын, жүрекке жылу сыйласатын, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілектер айтатын қасиетті күн. Көрісу күні (Амал мерекесі) -қыстан аман шығып, көктеммен қауышуды білдіртетін, береке мен сыйластықтың символы , қазақ халқының ежелгі дәстүрі . Көрісу күні құтты болсын!