Көбінесе әлеуметтік желідегі пікірлер немесе мессенджерлердегі аудиожазбалар жай ғана «эмоция» болып көрінуі мүмкін. Бірақ заң алдында бұл - нақты қылмыс.
ҚР Қылмыстық кодексінің 174 - бабы бойынша: Әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекет (сөз, жазба, сурет тарату) 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Не істеу керек?
1. Ақпаратты бөліспес бұрын оның рас-өтірігін тексеріңіз.
2. Ұлттық намысқа тиетін пікірлер жазбаңыз.
3. Арандатушылардың арбауына ермеңіз.
Жамбыл облысы - біздің ортақ үйіміз. Бірлікті сақтау - әр азаматтың парызы.