Мекеменің заңды атауы: «Жамбыл облысы әкімдінігің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Балақай» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Мекеменің орналасқан жері: 080303, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Түктібай ауылы, Е. Сметов көшесі №2А
Іске қосылды: 2009ж.
Негізгі техникалық мәліметтер: 1 қабатты ғимарат ыңғайластырылған, жылыту жүйесі – газбен.
Мектепке дейінгі мекеме түрі: Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын. Білім беру ұйымының ұйымдастыру құқықтық формасы- мемлекеттік, тәрбие мен оқыту үрдісі мемлекеттік тілінде жүргізіледі.
Лицензия алуға бекітілген заңнамалық талаптар орындалған. Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облысы әкімшілігімен № 09.02.2021 жылы берілген 21005918 медициналық кабинеттің лицензиясы бар.
Балабақша жарғысы Жамбыл облысы Жуалы аудандық Әділет басқармасы 02.02.2021 жылы қайта тіркелген.Тіркеу туралы куәлігі № 82-1919-03-МК БСН 090540001547 бар.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданынының білім бөлімінің «Балақай» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны заңды тұлға, елтаңба мөрі, штампы, Жарғыға сәйкес құқығы және міндеттері бар. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Бала құқығы туралы» Конвенциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, «Жалпы білім беретін мектепке дейінгі білім мекемесінің жалпы ережесіне» және басқа да заңды актілерге сүйенеді.
Балабақшаның ғимараты–ыңғайластырылған, 1 қабатты ғимарат, автономды жылу жүйесі су құбырына қосылып, жобалық сыйымдылығы -50 орын. Ғимарат санитарлық–эпидемиологиялық және өртке қарсы қызметкерлерінің келісімі бойынша жүргізіледі. Санэпидемиялогиялық нормаларға сай.
Басты қызметі: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру
Негізгі қызмет түрі: Балалардың денсаулығын сақтау, оқыту және тәрбиелеу, сауықтыру, тіл кемістігін түзету.
Материалдық база: Балабақшаның материалдық базасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №97 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру» нормаларын негізге ала отырып, заманауи үлгіде жабдықталған. Балабақшаның жабдығы балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы және топтардың толымдығы ескерілді. Барлық топтарда жиһаздар балалардың жас ерекшеліктеріне сай және өміріне қауіп төндірмейтіндей орналастырылған. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған ойыншықтар, құрал-жабдықтар педагогикалық, эстетикалық, техникалық, санитарлық-гигиеналық талаптарға, қауіпсіздік талаптарына, сондай-ақ, балалардың жас ерекшеліктерінің талаптарына сәйкес. Ойыншықтардың сәйкестік сертификаты бар. Балалардың өміріне және денсаулығына қауіп төндірмейтіндей материалдармен байланысты қатерді болдырмауды қамтамасыз ететін ойыншықтар алынды.
Нормаларда топтардың стандартты толымдылығындағы сандық талаптары көрсетілген. Балабақша осы Нормаларға сәйкес, қажеттілігіне байланысты жабдықталады.
Қажетті жабдық санын есептеу топтардың толымдылығы бойынша Санитарлық қағидаларға сай құрастырылды
Жалпы кабинет саны: әкімшілік-1, қабылдау бөлмесі-1 топ бөлмелері-2, музыка залы-1, спорт залы-0, медицина бөлмесі-1, асхана-1, кір жуу бөлмесі-1, бейнебақылау камералары – 8, деопроектор-1, ноутбук-1, принтер–2,компьютер саны – 3, барлығы интернет жүйесіне қосылған, 1 электронды қазақ үй.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданылатын технологиялар мен әдістемелер: Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, ақпараттық-комуникативтік технологиялар т.б.
Бөбекжай-балабақша аптасына бескүндік жүйемен жұмыс істейді, балалардың келіп-кетуі 8.00.- 18.00 уақыт аралығы. Бөбекжай-балабақшаға 2 жас пен 5 жас аралықтағы балалар қабылданады. Бөбекжай-балабақшаның топтарына балалар мемлекеттік стандартқа сай.

мектеп-лицейдің 4500-ден астам түлегі
олардың ішінде: ғалымдар, ұйымдардың басшылары
және мекемелер, бизнесмендер мен танымал музыканттар.
